Қытайда жол талғамайтын көлік бір топ оқушыны басып кетті

0

Қытайдың орталығындағы Хунань провинциясының Чандэ қаласындағы бастауыш мектептің алдында бір топ адамға шабуыл жасалды. Белгісіз ер адам көлікпен мектепке кіріп, көптеген оқушыларды қағып кетті.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  шабуыл жергілікті уақыт бойынша 19 қараша күні таңғы сағат 8-де болған.

Оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңертең оқушылар мектепке кірген кезде жасалған. Белгісіз ер жол талғамайтын көлікпен мектептің алдында жиналып тұрған оқушыларды қаққан.

Ғаламторда жарияланған кейбір бейнежазбаларда қорқып қалған көптеген балалардың мектепке қарай жүгіргені, кейбірінің жерге құлап түскені, ал басқаларының көмек сұрап үрейленіп жатқаны көрсетілген.

Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адам ұсталып, полиция қамауға алынып, жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Бұл Қытайда соңғы уақытта болған осындай 9-оқиға. Өткен демалыс күндері Қытайдың Чжухай қаласындағы университет қалашығында пышақпен шабуыл жасалып, оның салдарынан 8 адам қаза тауып, 17 адам жараланғанын хабарлаған болатынбыз.