Қытайда полицейлер өзенге құлаған баланы құтқарып қалды
Қысқа сілтеме алу
Куәгерлердің айтуынша, өзен жағасында ойнап жүрген 11 жасар бала кенеттен мұзды суға құлап кеткен
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қытайда полицейлер ағысы қатты өзенге құлаған 11 жасар баланы аман алып қалды.
Оқиға 14 ақпан күні Қытайдың Қашғар округінде болды. Өзен жағасында ойнап жүрген 11 жасар бала кенеттен мұзды суға құлап кеткен. Куәгерлер бірден полицияға хабар беріп, көмекке шақырған, деп хабарлайды Daily Mail.
Тәрті сақшылары оқиға орнына дереу жетті. Ол кезде өзеннің қатты ағысы баланы екі шақырымға дейін ағызып алып кеткен. Давути есімді полицей көліктен түсе салысымен, өзенге жүгіріп, баланы қолынан ұстай алды. Осы кезде қалған үш әріптесі оған көмекке ұмтылып, судан алып шықты.
Осыдан кейін олар баланың киімін ауыстырып, медициналық тексеріс үшін ауруханаға жеткізген.
sputniknews.kz