Қытайда отшашу салдарынан жойқын жарылыс болды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

15 0 0

Бәрімізге белгілі, пиротехника — қауіпті зат, оны балаларға сатуға болмайды. Мына оқиға соған дәлел болды

АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қытайдың Чифэн қаласында жуырда аса қауіпті төтенше оқиға видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Daily Mail.

Кадрларда бала көшеде келе жатыр, екі қолында да отшашу «атқылап» барады. Кәріз құдығының қасынан өте бергенде, ол пиротехниканы құдықтың тесігіне жақындатады. Сол сәтте жойқын жарылыс болып, көшенің астан-кестені шықты. Абырой болғанда, бала жарылыстан бұрын қашып үлгерген.

Қорқынышты үннен шошып, далаға атып шыққан адамдар зардап шеккендерді іздеді. Жалын салдарынан үш көлікке ғана зақым келіпті. Ал бала тек қатты қорқып қалған.

Кейінірек полиция анықтағандай, отшашудың жалыны кәрізден шыққан метанды тұтандырып жіберсе керек.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/