Қытайда министр өлім жазасына кесілді

0

Қытай соты елдің бұрынғы Әділет министрі Фу Чжэнхуаны өлім жазасына кесті.

Ол Бейжің қаласы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы, Қытай Қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары, Әділет министрі қызметтерін атқарған. Оған 117 миллион юань пара алып, заң талаптарын өрескел бұзды деген айып тағылды.

Өлім жазасы екі жылдан кейін орындалады. Сот өкімінде өлім жазасы орындалмаған жағдайда, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылатыны, жазаны жеңілдетуге, шартты түрде босатуға ешқашан рұқсат етілмейтіндігі қадап айтылды.

Фу Чжэнхуа, бейресми деректер бойынша, Қытай басшысы Си Цзиньпинге қарсы шыққан Сунь Лицзюнь бастаған саяси блоктың мүшесі. Бұл топ Си Цзиньпин бастаған «Партиялық тәртіпті жан-жақты қатайту» науқанының нәтижесінде ұсталып, сотталған болатын.

«Партияның XX съезі қарсаңында саяси қарсыласының бірін өлім жазасына кесу арқылы Си Цзиньпин бақталастарына ескерту жасап отырған секілді.

Күрес шиеленісіп тұрған сияқты.

Кеше сондай-ақ.Фу Чжунхуаның сыбайласы Ван Анькэнің де өлім жазасына кесілгені белгілі болды. Енді олардың басшысы Сунь Лицзюньге де тықыр таяған секілді. Ол өткен жылдың соңынан бері сотқа дейінгі тергеу амалдарына байланысты қамауда отыр», – деді сарапшылар.