Home Жаңалықтар Қытайда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

Қытайда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

0
61

Одан бөлек онға жуық тұрғын ізім-ғайып жоғалған.

Қытайдың Шаньси провинциясында лай көшкінінен ажал құшқандардың саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін 7 адам қаза тапты деп хабарлаған болатынмыз. Одан бөлек онға жуық тұрғын ізім-ғайып жоғалған. Табиғат апаты Цзао-линь ауылында орын алды. Лай жүрген өңірлерде тұрғын үйлер қирады. Мамандар үйінділер астынан 16 адамды аман алып шықты. Жарақат алған тұрғындар дәрігерлердің жіті бақылауында. Аймақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz