Қытайда кішкентай динозавр іздері табылды

0

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында әлемдегі ең кішкентай динозаврдың ізі табылды, деп жазады ТАСС.

Жергілікті мұражай қызметкерлері «Люцзяся» динозаврлар мемлекеттік геологиялық паркінің аумағынан нөсер жауыннан кейін шамамен 1-ден 3 см-ге дейінгі тасқа айналып кеткен бес табан іздерінің тізбегін тапты, деп хабарлайды геопарк орналасқан Юнцзин округі әкімшілігінің сайты.

«Бұған дейін мұндай іздер Сычуань өзенінің бассейнінде, сондай-ақ Шаньдун провинциясында (Шығыс Қытай) және Корея Республикасында табылған», — дейді Қытайдың жер туралы ғылымдар университетінің доценті Син Лида.

Оның пікірінше, соңғы табылған бұл кесірткелер бір кездері кең тарағанын болжайды. Бұл осы аймақтардағы динозаврлардың геологиялық жасын және әртүрлілігін зерттеу үшін маңызды. Ғалым іздерді зерттеу «динозаврлар миниатюризациясына жаңа көзқарас ашады, құстар эволюциясының негізгі қадамы» деп санайды.