Қытайда аштық болуы мүмкін: Қазақ бидай экспортын ұлғайтады

0

Биыл елімізде 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім — бір гектардан 12,2 центнер

Биыл Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтуы мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұн дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жөнелтіледі. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) экспорты артуы мүмкін», — деді Омаров үкімет отырысында.Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, Ресейде, Канадада, Австралияда астық өндірісінің артуына байланысты 2020 жылы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 триллион тонна болады деп бағалануда. 2019 жылы 2,1 триллион тонна болған.

Қазір республикада егін жинау жұмысының 93 проценті аяқталды. Барлығы 18 миллион тонна астық жиналады деп жоспарланып отыр. Орташа түсім бір гектардан 12,2 центнерді құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай ғалымдары осыған дейін пандемия салдарынан ҚХР-да жаппай аштық болуы мүмкін екені туралы айтқан.