Қытайда алапат су апаты болып жатыр

TOPSHOT - This photo taken on June 7, 2020 shows submerged streets and inundated buildings after heavy rain caused flooding in Yangshuo, in China's southern Guangxi region. (Photo by STR / AFP) / China OUT (Photo by STR/AFP via Getty Images)
Қытайдың шығысы мен оңтүстік батысы және орталық аймақтарында жаңбыр мен су тасқыны жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Табиғат апатына байланысты шығыста апта басынан 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Оңтүстік батыстағы Сычуань провинциясында су тасқынынан 3 адам қайтыс болып, 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.
7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Толассыз жауыннан лай көшкіні жиілеп, бірқатар тас жолды су шайып кеткен.
Ал елдің орталығындағы Ичан қаласында үш сағат бойы жауған жаңбырдан шаһарды лезде су басқан.
Табиғат апатынан қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ. Аймақта іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Мамандар нөсер бірнеше күн жалғасатынын ескертіп отыр.