«Қытай тілі кафедралары ашылады». Министр түсініктеме берді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы оқу орындарында қытай тілінің оқытылатынына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kznews.kz.
“Құрметті әріптестер. Қытай тілі кафедраларын бірнеше ұлттық және мемлекеттік ЖОО ашу жоспары бар. ҚХР көмегімен. Қытай тілі тек қана екінші шет тілі студенттің қалауымен (орысша НА ВЫБОР) ұсынылатын болады”, – деп жазды министр.
Оның сөзінше, ағылшын тілі мен басқа шет тілдердің сағаттары алынбайды.
“Қосымша таңдау ретінде ұсынылады. Қытай тілді салалық мамандар аз бізде. Инженерлік мамандықтарға қосышма таңдау ретінде беріледі”, – деп түсіндірді Нұрбек.