Қытай Ресейдің Қырымды аннексиялауын мойындамайды
Қыиай Халық Республикасының үкіметі Қырымды Ресейдің құрамына қосу әрекетін мойындамайды, сонымен қатар Қытайдың орталық және аймақтық билігінің Украин түбегіндегі оккупанттармен байланысына тыйым салды.
Бұл туралы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин 15 сәуірде Facebook-те хабарлады. Оның айтуынша, бір күн бұрын Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ле Ючэнмен саяси консультациялар өткізілген, оның барысында, атап айтқанда, Ресейдің Қырымды басып алуы туралы мәселе көтерген еді.
Сонымен қатар, екі елдің сыртқы істер министрліктері өздерінің ұлттық мүдделері үшін шешуші маңызы бар мәселелерді талқылау үшін дағдарыстық коммуникация механизмі туралы келісімге келді. Енин атап өткендей, ҚХР үкіметі Украинада COVID-19 пандемиясын жеңуге көмектесуге дайын екенін, атап айтқанда бірнеше миллион доза вакцинаның экспорттық лицензиясын келісу арқылы растады.
Тараптар Украина мен Қытай арасындағы сауданы ырықтандыру жөніндегі шешімдер пакетін әзірлеу туралы уағдаласты. «Адамдар арасындағы байланысты кеңейту — бұл бірлескен басымдық — Украина президентінің тапсырмасы бойынша біз жақын арада тиісті келіссөздер процесін бастаймыз», — деді Енин.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты