Қытай Ресейден газ сатып алудан бас тартты

0

«Газпромның» ТМД-ға мүше емес елдерге газ сатуы бір жыл ішінде 10 % төмендеді. «Газпром 2020 жылы алыс шетелдерге газды 179,3 млрд текше метр экспорттады. Бұл нәтиже компанияның бүкіл тарихындағы алғашқы бестікке кіреді», — деді компанияның баспасөз қызметі.

2019 жылы «Газпромның» алыс шетелдерге экспорты 199,2 миллиард текше метрді құрады.  2020 жылы экспорттық жеткізілім көлемі 2016 жылдан бері ең төмен болып шықты. Компания басшысы Алексей Миллер өткен жылы «Газпромның» Қытайға келісімде келісілген газ көлемін сата алмағанын мойындады.

Минималды көлемі 4,25 миллиард текше метрді құрады, бірақ соңғы жеткізілімдер 4,1 миллиардты құрады, деп жазады ТАСС. Экспорттың төмендеуі пандемия мен шикізатқа сұраныстың төмендеуі салдарынан дағдарыс жағдайында орын алды. Шетелде ресейлік газдың негізгі сатып алушылары — Германия, Италия, Австрия және Түркия болып табылады.

Керімсал Жұбатқанов