Қытай қысымынан тағы бір қазақ бостандыққа шықты

0

Қараша айының басында Украина шекарасын заңсыз кесіп өткен қандасымыз Елшін Еркінге ұсталып, оған қатысты сот ісі басталған болатын. Кейін белгілі қоғам қайраткері, миллиардер Марғұлан Сейсембай бұл істі өз қолына алғанын жазған.

Бүгін М.Сейсембай әлеуметтік желі арқылы қалың қазақтан сүйінші сұрап, қандасымыз Елшін Еркіннің бостандыққа шыққанын жазды.

Нақтылай кетсек, 03.11.2020 күні ол Украинаның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп ету әрекеті үшін ұсталды, ал 06.11.2020 күні-ақ сот Елсін Еркін тұтқынға алып, Украинадан қуып шығару туралы шешім қабылдады.