Қытай қыркүйектен бастап өзге ғаламшарлықтарды іздемекші — Қазақстан жаңалықтары
Қытай үкіметі осы жылдың қыркүйегінде ең үлкен радиотелескоптың көмегімен ғарыштағы басқа тіршілік иелерін іздемекші екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы stdaily басылымында жарияланды.
Қытайлық зерттеуші Чжан Тунцзенің сөзінше, қазіргі күннің өзінде өзге ғаламшарлықтардан әлдеқандай белгілер байқалуда екен. Алайда бұл белгілерді ғарыштағы өзге өркениеттің жіберген дабылдары деп айту әлі ерте көрінеді. Бұған қоса ол өзге ғаламшарлықтарды іздеуге бар күш жұмсалмайтынын атап өтті. Себебі ғарышта зерттейтін дүние жетерлік деп қосты сарапшы.
Басылым мәліметінше, FAST радиотелескопының диаметрі 500 метрді құрайды. Бұл құрылғыны жасау үшін қытайлықтар 185 миллион доллар жұмсаған сыңайлы. Аталмыш телескоп арқылы өзге өмір белгісімен қатар, галактикалар мен қара материя түзілуін, ғарыштағы газдардың жаһандық өзгерісін зерттеуге болады.
stan.kz