Қытай өзі құрастырған ұшақ тасығышты қарулар қатарына қосты

0

Қытай өзі құрастырған алғашқы ұшақ тасығышты қарулар қатарына қосты. Xinhua агенттігінің жазуынша, «Шаньдун» ұшақ тасығыш кемесі Хайнань аралындағы портта Қытай флотына берілген, оны тапсыру рәсіміне президент Си Цзиньпин қатысқан.

«Шаньдун» — 1998 жылы Қытайдың Украинадан сатып алған советтік «Варяг» ұшақ тасығыш кемесінің жетілген нұсқасы. Бастапқыда Пекин ауыр авиатасығыш крейсерді ойын-сауық паркін қайта жабдықтау үшін қолданатынын мәлімдеген. Алайда кейінірек кеме қайта жабдықталып, 2012 жылы «Ляонин» деген атпен қатарға қосылды.

Defence Post сайтының жазуынша, Қытайдың «Шаньдун» кемесін қорғаныс саласында пайдалана бастауы Пекинге Оңтүстік Қытай теңізінде қысымды үдетуге жағдай жасайды. Бұл аралға байланысты Қытай, Тайвань, Вьетнам, Малайзия, Филиппин және Бруней арасында дау бар. Қараша айында кеме Қытай өз аумағы санайтын Тайвань бұғазын кесіп өткен.

Azattyq