Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Сондай-ақ «Джек Ма» және «Alibaba» қорлары экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қытай миллиардері Джек Маның қоры Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Гуманитарлық жүк Алматыға 10 сәуірде жеткізілді.


©
Photo : МИД Казахстана

Джек Ма Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

«Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары келді», — делінген хабарламада.  

4,5 тонна болатын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері бұл қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек.


©
REUTERS /

Қытайлық миллиардер Джек Ма



sputniknews.kz