Қытай мен Қазақстан арасындағы тауарлар тасымалына шектеу жоқ — Қаржы министрі — Қазақстан жаңалықтары
Үкімет басшысының бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның Қытаймен арадағы сауда байланысын тоқтатпайтындығы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Журналистер шенеуніктен коронавирус Қазақстанның экономикасына әсер етеді ме деген сауал қойыпты.
«Бұл сұраққа қалай жауап береміз? Біз Қазақстанға коронавирустың кері ықпалы тимес үшін жағдай жасаудамыз. Егер біздің атқарып отырған шараларымыздың пайдасы тисе, індеттің еліміздің экономикасына жағымсыз әсері байқалмайды. Ал егер бұл жағдайға байланысты Қытайға радикалды түрде жауап беретін болсақ, әрине, экономикамызға соққы болады. Бірақ қазір Қытайға жеткізілетін және ол жақтан келетін тауарлар тасымалына шектеу қойылмаған»,- деді министр.
Дегенмен Қаржы министрі қазақстандықтардың Қытайға баруына уақытша рұқсат берілмейтіндігі айтып өтті.
«Біз Қытайға бармауға кеңес береміз. Бұл — біздің тұрғындар үшін жасалынып отырған шара. Десек те қазақстандық азаматтар Қытайға бармағаны, біздің еліміздің туризмі үшін жағымды дүние», — деді премьер-министр орынбасары.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрі кейбір кәсіпкерлер тауарлардың бағасын қымбаттатып жібергенін айтқан болатын
stan.kz