Home Жаңалықтар Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

0
92

Биылғы жылғы 1 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына Наньнин қаласының Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының (ГЧАА) әкімшілік орталығынан пилоттық контейнерлік пойыз келді.

Жаңа қызмет «Бір белдеу – бір жол» қазақстандық – қытайлық бастаманы іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Контейнерлік пойыз 17 наурызда Наньнин халықаралық теміржол портынан жолға шығып, 5 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, ауыр құрылыс техника артылған 49 қырық футтық контейнерді жеткізді.

«KTZ Express» АҚ Қытайдағы өкілдігінің басшысы Нұрсұлу Жолбасқанованың айтуынша, жаңа логистикалық арна жүкті жеткізу уақытын 3 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұрын Құрылыс техникасы автомобиль көлігімен тасымалданатын. Жеткізу уақыты 45 күннен асатын.