Қытай Ковид вакцинасының 3-ші компонентін сала бастады

0
79

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компонентін салып жатыр. Бұл туралы KzNews Қытайдың Chinanews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша үшінші вакцина адам денесінің ауруға қарсылық қуатын 10 есе арттырады.

«Жақында медициналық сынамадан өтіп, нақты зерттеу аяқталды. Вакцинаның екі компонентін алып болғаннан кейін 3 немесе 6 айдан кейін салынады. 7 күн ішінде адам ағзасындағы антидене 10 есе, 15 күн ішінде 20 есе көп қалыптасады» дейді маман.

Екі вакцинаны салдырып, үшіншісін де салдырған еріктілердің көрсеткіші өте жақсы дейді Қытай Kexing Holding биотехнологиялық компаниясының президенті Ин Вей Дун.