Қытай экономикасы бұрын-соңды болмағандай құлдырады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытай экономикасы 2020 жылдың алғашқы екі айында бұрын-соңды болмаған жаман нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі осы елдің билік органдарының статистикасына сілтеме жасап.

Үкімет мәліметінше, қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5 пайызға төмендеді. Коронавирустың таралу кезеңіндегі төмендеу соңғы 30 жылдағы рекордтық көрсеткіш болды. 

Желтоқсан айында, індеттің басталуына дейін, Қытайдың өнеркәсіптік өндірісі 6,9% өсім көрсетті. Құлдыраудың ауқымы сарапшылар күткен деңгейден асып түсетіні атап өтілді. Қытай өнімдерінің экспорты да айтарлықтай төмендеді — 17,2 пайызға.

Сарапшылар эпидемия толығымен жойылғаннан кейін де ел экономикасын қалпына келтіру бірнеше айға созылады деп болжайды.

16 наурыздағы мәліметке сәйкес, әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 169 мыңнан асты. Олардың 6,5 мыңы қайтыс болды, 77,2 мыңы толықтай емделді. Қытайда инфекцияның деңгейі айтарлықтай төмендеді, соңғы аптада жұқтырғандар саны шамамен 100 адамға өсті.

stan.kz