Қытай халқының саны 70 жылда алғаш рет азайды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

69 0 0

Ғалымдар Қытай отбасыларында бала санын көбейту туралы мемлекеттік саясаттың өз нәтижесін бермей отырғанын айтты

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тағы Висконсин университетінің туу көрсеткіші бойынша маманы И Фусянь мен Пекин университетінің экономисі Су Цзян Қытай денсаулық сақтау және бала туу бойынша мемлекеттік комитетінің мәліметтері негізінде зерттеу жүргізген. Нәтижесінде өткен жылы Қытай халқының саны 1,27 миллион адамға қысқарғаны белгілі болды.

AFP мұның 70 жылда алғаш рет болып отырғанын айтады. 2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы туу көрсеткіші 2,5 миллион сәбиге қысқарған. Ғалымдар «Бір отбасыда — бір бала» деген демографиялық саясаттан бас тартқаннан кейін керісінше нәрестелер саны көбейеді деп күткен. Шамамен туу көрсеткіші 790 мың адамға артуы керек еді.

И Фусянь алдағы уақытта да халық санының қысқара беруі мүмкін екенін айтады. Себебі жыл сайын ата-аналар шығынның көптігін ескеріп, балалы болмауды жөн көреді.

Ұлттық статистика бюросы ай соңына дейін халық саны туралы жаңа ақпарат береді. Олардың мәліметі бойынша, 2017 жылы Аспан асты елінің азаматтарының саны 1,4 миллиард болған. Мемлекетте «Бір отбасыда — бір бала» демаграфиялық саясаты 1979-2016 жылдар аралығында жүргізілді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/