Қытай елшісі: «Қытай әскері Орта Азияда аймақ тыныштығын қорғайды»

0

Әлде бізде бәрін Қытай елшісі шешетін болған ба?!.

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытай Ұлттық-азат етуші армиясының құрылғанына 93 жыл толған мереке қарсаңында Қазақстан мен Қытайдың әскери күштік құрылымдары арасындағы ынтымақтастық 28 жылдан бері қарқынды дамып келе жатқанын айтты деп жазады bairaq.kz сайты.

«Қытай және Қазақстан әскері аймақ тыныштығын қорғап, ел көлемінде түрлі-түсті революцияның орын алуына жол бермейді», – дейді Чжан Сяо.

Бұл қалай болғаны сонда? Қазақстандағы жағдайға, біздің ішкі ісімізге Қытай елінің, оның әскері мен елшісінің не қатысы бар?!. Әлде бізде бәрін Қытай елшісі шешетін болған ба?!. Осы еркінсіп кеткен елшінің бұған дейін де біздің елге қатысты төбеден түскендей бірнеше мәлімдемелері ел наразылығын тудырған еді… Енді мынаусы төбеден түскендей емес… төбемізге шыққандай Ашық басыну болып тұр ғой тіпті…

Өткенде «Қазақ үні» сайтында жарияланған мақаласында белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт: «Халық көтерілсе біздің билік Қытайдан әскери көмек сұрауы мүмкін» деп, өзінің болжамын жазған еді. Сонда «Әй, біздің Өмекең де айта береді» дегендер де болып еді. Енді міне, ондай елімізге зор қауіптің барын Қытай елшісі Чжан Сяоның өзі ашық мәлімдеп берді…

Халықаралық қатынастарда бейбіт қатар өмір сүрудің бірден бір бұлжымас қағидасы – бір-бірінің ішкі ісіне араласпау емес пе?!. Ал 28 жыл болған Қазақстан мен Қытайдың әскери күштік құрылымдары арасындағы ынтымақтастық шартында
біздің мемлекеттің ең басты қойған шарты – сыртқы ықтимал қауіптен бірлесіп қорғанудан бұрын… ең алдымен ішкі толқуларда қытай әскерінің күш көрсетуін сұраған секілді ғой…
Империялық мемлекеттер секілді Қытай әскерінің де аяғы жеткен жерден кейін қайтып қайтқан емес… Сонда тақты сақтау үшін Елді, Тәуелсіздікті саудаға салған келісім жасалған ба?!. Құдай сақтасын!

Ал керек болса… Бұл өз ұясының қауіпсіздігін балапандарына сенбей, айдаһарға сеніп тапсырған көкек құстың тірлігі ғой!?.

Бұған жауап беретін тиісті органдар бар ма біздің елде?!.

Қазыбек Исаның жазбасы 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз