Қытай билігі Роджество қарсаңында шіркеулерге рейдтерді көбейтті

0

Рождество мерекесі жақындаған сайын Қытай билігі елдегі христиан шіркеулерін тінту, христиан мүриттерін қамауға алу әрекеттерін жиілетті. 9 желтоқсанда Чыңду (Чэнду) қаласындағы ірі христиан қоғамының шіркеуін тінту жүргізіп, шіркеуге кірген 100-ден астам адамды қамауға алған. Бұл туралы BBC ақпараттық қызметі хабарлаған болатын.

Чыңду қаласындағы бұл шіркеу Қытайдағы ең ірі христиан ұйымының бірі «Күзгі жауын өсиетіне» тән. 9 желтоқсандағы операция кезінде ұйым жетекшісі Ван И мен оның әйелі де қамауға алынған. Дереккөздерінің мәлімдеуінше, оларға ҚХР-да ең ауыр жазамен жазаланатын «мемлекетті бөлшектеуге шақырған» деген айып айыпталған. Ван мен оның әйелі кемінде 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

15 желтоқсанда ондаған полиция қызметкері Гуаңжоу қаласындағы Жунгуйли шіркеуіне балалар сабақ оқып жатқан уақытта басып кіріп, шіркеу бұйымдарын, 4 мыңнан астам Библия кітаптарын тәркілеген. Сонымен бірге, шіркеуге келгендердің аты-жөні мен байланыс нөмерлерін естелікке алған. Жунгуйли шіркеуін жауып, қаладағы христиан өкілдерін билік тарабынан бірнеше протестанттық ұйымдар мен католик топтарын бірлестірген шіркеуге баруға шақырған.

Статистикалық деректерге сүйенсек, 1,5 млрд-қа жуық халқы бар Қытайда 100 миллионға жуық христиан өкілдері жасайды. Бұлардан тыс жасырын христиан топтары да бар. Қытай билігі діни наным-сенім бостандығын құрметтейтінін айтқан және дін бостандығын ұстанған ел ретінде айтылады. Бірақ, ұзақ жылдар бойы дін лидерлері Қытайда қуғын-сүргінге ұшырап келді. Адам құқығын қорғау ұйымдарының айтуынша, дін бостандығы туралы Қытай билігінің мәлімдемесі мен іс-әрекеті мүлде сәйкес келмейді. Шынжаң жеріндегі мешіттерде мемлекет пен ҚКП-ның туын ілуге міндеттейді.

Дербес діни топтарды Бейжің билігі өзінің тұрақтылығына қауіп ретінде санайтыны белгілі. Қытайда соңғы кездегі христиан шіркеулеріне жүргізілген рейдтер Human Rights Watch ұйымы жағынан айыптауға ұшырады. Бұл ұйым мәлімдемесінде бүкіл әлемді Қытайдағы діни еркіндікке қарсы жасалып жатқан әрекеттерге, репрессияға қарсы күресуге шақырған.

“The Qazaq Times”