Қытай билігі балаларға компьютер ойындарын ойнауға шектеу қойды

0

Қытай билігі балаларға аптасына үш сағаттан артық компьютер ойындарын ойнауға тыйым салды.

Балалар компьютер ойындарын жұма, сенбі, жексенбі және мереке күндері 20:00-ден 21:00-ге дейін ғана ойнай алады.

Онлайн ойын платформаларына балаларға осы көрсетілген аралықтан тыс уақытта қызмет көрсетуге тыйым салынды.