Қытай басшылығы Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

ҚХР төрағасының орынбасары Қазақстан тұңғыш президентінің ерекше рөлін атап өтті 

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қытайға ресми сапары барысында сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов ҚХР төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы сұxбаттасына Қазақстандағы маңызды саяси өзгерістер туралы, атап айтқанда, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатып, оны Конституцияға сәйкес парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенін хабарлады. Қазақстан ҚХР-мен қарым-қатынасын дамыту үшін қазір ұстанып отырған сыртқы саясатын өзгертпейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

В.Цишань Қазақстанның ішкі саяси оқиғаларын мұқият қадағалағанын атап өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев шешімінен өз еліне деген жоғары жауапкершілігі мен терең сүйіспеншілігін байқадық, бұл оның әлемдік деңгейдегі саясаткер екендігін көрсетті», — деді ҚХР төрағасының орынбасары.

Қытай тарапы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттік құрылысындағы тарихи рөлін жоғары бағалады, сондай-ақ екі ел арасындағы тату көршілестік қатынастардың үлгісі саналатын Қазақстан-Қытай байланысын қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті.  



sputniknews.kz