Қытай бақылаушылары әділ өткенін айтты

0
65

Қытайдан келген бақылаушылар елордадағы 6 сайлау учаскесінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Қытайлық бақылаушылар кезектен тыс президент сайлауы кезінде заңбұзушылық байқамаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


©
Sputnik / Нурила Туржан.

Қытайдан келген халықаралық бақылаушылар Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында заңбұзушылық анықтамады

9 маусым күні бақылаушылар Нұр-Сұлтандағы 6 сайлау учаскесінде болған. Олар учаскенің сайлауға дайындығын, бюллетеньдердің қалай саналғанын және дауыс берушілердің аты-жөнін тексерді.

«Қытайдан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау заң аясында және халықаралық талаптарға сай өтті», – дейді ҚХР сыртқы істер министрінің өкілі Чжан Сиюнь шетелдік бақылаушылар қатысқан брифингте.

Сондай-ақ, ол елордада дауыс беру барысында ешқандай заңбұзушылық болмағанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

«Сайлау ашық,әділ демократиялы және заңды түрде өтті. Бірнеше елден келген бұқаралық ақпарат құралдары сайлаудан хабар таратты», – деді ол.

Президент сайлауының қорытындысы

Кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 77,4 проценті жасады.

Тағы оқыңыз: Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,76%;
  • Әміржан Қосанов – 16,02%;
  • Дания Еспаева – 5,2%;
  • Төлеутай Рақымбеков – 3,2%;
  • Амангелді Таспихов – 2,07%;
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
  • Сәдібек Түгел – 0,92%.



sputniknews.kz