Қытай бақылаушылары әділ өткенін айтты
Қытайдан келген бақылаушылар елордадағы 6 сайлау учаскесінде болған
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. Қытайлық бақылаушылар кезектен тыс президент сайлауы кезінде заңбұзушылық байқамаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
©
Sputnik / Нурила Туржан.
Қытайдан келген халықаралық бақылаушылар Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында заңбұзушылық анықтамады
9 маусым күні бақылаушылар Нұр-Сұлтандағы 6 сайлау учаскесінде болған. Олар учаскенің сайлауға дайындығын, бюллетеньдердің қалай саналғанын және дауыс берушілердің аты-жөнін тексерді.
«Қытайдан келген бақылаушылар Қазақстандағы сайлау заң аясында және халықаралық талаптарға сай өтті», — дейді ҚХР сыртқы істер министрінің өкілі Чжан Сиюнь шетелдік бақылаушылар қатысқан брифингте.
Сондай-ақ, ол елордада дауыс беру барысында ешқандай заңбұзушылық болмағанын атап өтті.
Тағы оқыңыз: Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
«Сайлау ашық,әділ демократиялы және заңды түрде өтті. Бірнеше елден келген бұқаралық ақпарат құралдары сайлаудан хабар таратты», — деді ол.
Президент сайлауының қорытындысы
Кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын сайлаушылардың 77,4 проценті жасады.
Тағы оқыңыз: Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сонымен, Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған:
- Қасым-Жомарт Тоқаев — 70,76%;
- Әміржан Қосанов — 16,02%;
- Дания Еспаева — 5,2%;
- Төлеутай Рақымбеков — 3,2%;
- Амангелді Таспихов — 2,07%;
- Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
- Сәдібек Түгел — 0,92%.
sputniknews.kz