Қытай азаматтары Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті: кім жауапқа тартылады?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен Қытайдың екі азаматы тергеу изоляторына қамалды. Олар шекараны шығыста кесіп өткен

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Қытайдың екі азаматы Қазақстанға заңсыз өтті. ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов бұған жол бергендер жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мемлекеттік шекара сенімді қорғалады, жабық. Алайда адам факторы бар. Бұл мәселені талдап жатырмыз. Жан-жақты зерттеп, мемлекеттік шекараны қорғаудың кейбір тұсын өзгертеміз», — деді Дархан Ділманов мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, бұл факті бойынша шекара қызметінде тергеу жүргізілген. Кінәлілер анықталды.

«Тәртіптік жаза қолданылатыны анық. Әрине, бұл сарбаздар емес, лауазымды тұлғалар. Бөлім командирі қызметінен босатылды», — деді шекара қызметінің басшысы.

Қытай азаматтарына қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 392- бабы («Мемлекет шекарасын қасақана кесіп өту») бойынша қарастырылады. Заңға сәйкес, кінәлілер бір мың айлық есептік көрсеткіш (2 миллион теңгеге жуық) айыппұл төлейлі немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылып, елден қуылады. Бес жыл бойы Қазақстанға бес жыл бойы кіре алмайды.



sputniknews.kz