Қытай АҚШ-тан Чэндудағы бас консулдығын жабуды сұрады

0

Қытай дипломатиялық қарымта ретінде, АҚШ-тан Чэнду қаласындағы бас консулдығын жабуды сұрады деп хабарлайды BBC.

Чэнду – Қытайдың Сычуан провинциясының бас қаласы. Оңтүстік Батыс Қытайдың сауда, қаржы, мәдениет, білім, логистика, көлік орталығы, қала тұрғындарының саны 17 млн.-ға жуық.