Қытай 15 жылдан кейін әлемдік әскери үстемдікке қол жеткізеді — Байден
Қытай төрағасы Си Цзиньпин 2040 жылдардың ортасына қарай Қытайды әлемдегі ең қуатты әскери державаға айналдырғысы келеді. Мұндай пікірді АҚШ президенті Джо Байден білдірді, деп хабарлайды KzNews.kz.
Американ басшысының сөзіне қарағанда, ол Қытай Халық Республикасының төрағасымен басқаларға қарағанда көбірек уақыт өткізген.
«Си Цзиньпин өз елін әлемдегі ең қуатты әскери күшке, сондай-ақ 2040-ші жылдардың ортасында әлемдегі ең ірі экономикаға айналдыруға толығымен байыпты қарайды. Бұл шындық», — деді Байден.
Бұған дейін АҚШ Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал Джон Хайтен батыстың демократия жолы Вашингтон болашақта ұстанатын жол болуы үшін АҚШ Қытайдан асып түсуі керек деді.
Оның айтуынша, соңғы 20 жыл ішінде американдықтардың назары Таяу Шығысқа бағытталды, содан кейін Ресей мен Қытайға ауысты, бірақ «физикалық тұрғыдан АҚШ Таяу Шығыста қалды».
Еске сала кетейік, шілденің басында АҚШ 30-дан астам шетелдік компанияны, оның ішінде Қытайдан келген компанияларды да «қара тізімге» қосты.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты