Қыста пайда болатын аурулардан сақтаныңыз


Тамағыңыз ауырса, жылы суға жалбыз бен 1 лимон тілімін қосып ішіңіз;
Құрғақ жөтел пайда болса, жөке қайнатпасын ішіңіз (термосқа құйып, әр 3-4 сағат сайын ішіп тұрыңыз);
Мұрныңыз бітіп қалcа, жуа немесе алоэ шырынын мақтаға тамызып, иіскеп жатыңыз;
Суық тисе, сәлбен мен лимоннан шай демдеп ішіңіз. Оған бактерияға қарсы көмектесетін жебіршөп қосуыңызға болады;
Түрлі тәтті сусын сатып алып ішкенше қарапайым қайнаған суды көбірек ішуге тырысыңыз;
Моншаға барсаңыз, міндетті түрде булы бөлмеге кіріп денеңізді қыздырыңыз;
Жатар алдында 5-10 минут терезеңізді ашып, бөлмеңіздегі ауаны тазартыңыз;
Ал ең бастысы, тосапты ұмытып кетпеңіз. Мысалы, таңқурайдан жасалған тосап температураңызды түсіруге көмектеседі.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Деніңіз сау болсын
Дереккөз: http://reactor.inform.kz