«Қыста екі жылқы жеп қоямыз»: әнші Алтынай Жорабаева үйіндегі етін көрсетемін деп сынға қалды

0

Әнші Алтынай Жорабаева желідегі парақшасына балконда жайылған етін көрсетіп, мақтанды.

Сондай-ақ ол ет дүкенін жарнамалап, видео салған.

«Өзім ет жемейтін едім, Астанаға көшкелі отбасымызбен осылай екі жылқы сойып алатын болыппыз», – дейді әнші видеода.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының ашуына тиді.