Қысқы рекордтық температура +26 градус тіркелді

0
Қысқы рекордтық температура +26 градус тіркелді


Жапонияның басым бөлігінде қысқы маусымдағы ең жоғары температура тіркелген.

Әдетте, желтоқсан айының алғашқы күндерінде Токиода  ауа температурасы +10 градус болатын. Елдің бірқатар аудандарында температура +25 градустан жоғары көтерілген. Оңтүстіктегі Оита префектурасында термометр бағаны +26,5 градусқа дейін көтерілсе, солтүстікке қарай орналасқан Симанэ және Фукуокеде 25 градус жылы болып тұр.

Сейсенбіде Токио қаласында күн өте жылы. Күндіз сырт киім киген адамдар сирек, кейбіреулері тіпті жейдемен жүр. Түс кезінде ел астанасындағы ауа температурасы 22 градуқа дейін көтерілді. Сейсенбіде Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралының өзінде 16 градус жылы болып тұр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат