Қыс мезгілінде асқынатын аурулар |

0
Қыста тұмау мен суық тию ғана қауіпті емес. Сонымен қатар созылмалы аурулар да асқынады. Сонымен ол қалай аурулар?


 
Бүйрек аурулары

Цистит пен  пиелонефрит – жиі кездесетін урологиялық аурулардың бірі. Қыс пен күз, көктемде асқынады. Оның басты себебі аяқтан суық өтуі.
 
Мұрын аурулары

Күн суығанда гайморит те асқынады. Себебі мұрын салқын ауаның ықпалына бірден ұшырайды. Оны тұмау мен суық тию де асқындырады. Мұрын толып, бітеліп қалады. Сондықтан тұмау болып ауыра қалсаңыз мұрыныңызды дереу емдеңіз. 
 
Құлақ аурулары

Көп адам құлаққа мән бермегенімен суық ауа оны да аямайды. Себебі күз бен көктемде жалаңбас жүретіндер көп. Сондай-ақ тұмауратқан кезде мұрын толады. Ал мұрын құлақпен тікелей байланысты. Бұл отитке алып келуі мүмкін. 
 
Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz