“Қырық күн сәбиге емес, ер мен әйелдің жыныстық қатынасына қатысты айтылған” — уағызшы Жарқын Мырзатай

0

Журналист Айгүл Болатханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Жарқын Мырзатайдың кезекті бір уағызын сынға алды. Уағызшы қырық күннің сәбиге қатысы жоқ екенін, оның ер мен әйел арасындағы жыныстық байланысқа қатысты айтылғанын алға тартыпты. 

«Ұлттық дәстүрге қиянат жасап, аузына келгенді айтатындарды заң жүзінде жазалайтын кез келді! Білгенін істесін әр адам, бірақ қазақтың әдеп-иба, ырым-тыйымына, әдет-ғұрпына тиісіп айналасындағыларға теріс түсіндіретіндерге жаза болуға тиіс!

Мынау кім? Қайдан шыққан тексіз? Осыны тыңдап отырғанның ішінде санасы сау бір қазақ болмаған ба?

“Не оттап тұрсың? Шешең қалжа жеп күтінбеп пе еді? Сені қырық күн майлап-сыламап па еді? Қырық күнді қатыныңды қойныңа алып “артылуыңмен” түсіндерген тексіздігің кімге үлгі?” — деп айтатын бір қазақ болмағаны ма?

Мұның әулетіндегі әйелдер тек ұрғашылық міндетін өтеу үшін ғана жаралған болса, оны айтсын! Жерлесі кімдер? Кімнің руынан? Тексізін неге жөнге салмай бетімен жіберген? Дінді бетперде қылған мұндайларды Діни басқарма неге тайраңдатып отыр? Бір қора депутат неге ауыз ашпайды мұндайларға?» деп жазды.

Журналистің бұл жазбасына Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жақында мұндайларға тоқтау салатын заңның қабылданатыны туралы пікір қалдырды” — деп жазды журналист.