Қырым жағалауында екі танкер өртенді

Ресей билігі Керчь бұғазында екі кемеде шыққан өрт салдарынан кемінде 14 адам ажал құшқаны туралы хабарлады. Оқиға орнынан 12 адам құтқарылған, бес адам хабар-ошарсыз кеткен. Ресейдің теңіз және өзен транспорты агенттігінің баспасөз хатшысы Алексей Кравченконың мәлімдеуінше, кемелердің бірінен екіншісіне отын тиеп жатқан кезде өрт шыққан. Екі кемеде экипаж мүшелері — 31 адам болған. Олар Түркия мен Үндістан азаматтары деп хабарланды. (Reuters видеосы.)
Дереккөз: Азаттық