Қырым ешқашан Ресейдің территориясы болмайды — Зеленский

0
зеленский

Басып алынған Қырым ешқашан Ресей территориясына айналмайды, оны қайтару уақыт еншісінде. Бұл туралы Украина президенті В. Зеленский 3 тамызда «Дом» арнасына берген сұхбатында айтты.

Атап өту керек, Украина оккупацияда болған адамдар үшін неғұрлым көп көмек беруге тырысуда, бірақ басқыншылар кез келген көмектерді бұғаттауға тырысады. Зеленский мұндай талпыныстарға қарамастан, әлі де мүмкін емес екенін айтты.

«Сіз бұл елді жақсы көресіз немесе ұнатпайсыз, егер сіз оны сүйсеңіз — украин, егер сіз оны сүймесеңіз — сіз қонақсыз, сіз саяхатшысыз. Бұл адамдар басып алған адамдар — олар ешқашан Қырымды біз жақсы көргендей сүйе алмайды», — деді Украина президенті. Зеленскийдің айтуы бойынша «сіз үшін бұл табиғат бірегей, сіз үшін бұл теңіз, бұл балалық шақ».

Еске сала кетейік, 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін, Украинаның шығысында қарулы басқыншылық жасады. Шайқас бір жағынан Украина Қарулы Күштері мен екінші жағынан Донецк пен Луганск облыстарының бір бөлігін бақылайтын Ресей әскері мен Ресей қолдаған «содырлар» арасында жүріп жатыр. Көрсетілген фактілер мен дәлелдерге қарамастан, Ресей билігі өзінің Украинаға басып кіруін мойындамайды. Бұл ресми позиция.

Путиндік Ресейдің сыртқы саясаттағы маңызды оқиға деп аталатын оқиға – бұл 2014 жылы Қырымның «тіркеу портына оралуы». Онымен қоса, Украинаның Донецк және Луганск облыстарының шамамен үштен бір бөлігін Украинадан тартып алуы. Қазір, өздеріңіз білесіздер, ол жерлерді «ДНР» және «ЛНР» деп атайды. Бұл территориялар Украинаның бүкіл аумағының шамамен 10 %-ын құрайды, ал 2014 жылдың басында Украина халқының 10 %-ы осы территорияларда тұрды.

Ендігі Ресей Украинаны біржола жоғалтқаны анық. Бұл территорияның 90 %-ы және қазіргі Украинаның халқының 90 %-ын құрайды (шамамен 40 миллион адам). Бүгінгі Украина 2008 жылдан кейінгі Грузия сияқты, және бірнеше мәрте НАТО әскери күштерімен бірлескен әскери жаттығулар өткізді. Бірнеше рет Еуропалық одақ пен НАТО — ға кіруге ниет білдірді. Жақын арада елде Солтүстік Атлантикалық Альянстың базасы пайда болуы мүмкін. Қалай болғанда да, бұл тақырып қазір Украинада өте жоғары деңгейде, ашық талқыланып жатыр.

Ресейдің Украинадан айырылуы – бұл өзара сауданың күрт төмендеуінен болатын үлкен экономикалық шығындар туралы айтпағанда, Ресей үшін нағыз өркениеттік апат. Ал Қырымның және шын мәнінде Донбастың шығыс бөлігінің Ресейге қосылуы – Украинаның қалған бөлігінің шығынын өтемейді. Бұл бүкіл әлемге түсінікті нәрсе.

Бір нәрсе түсінікті, Украина Қырым мен Донбасстан ешқашан бас тартпайды және оларды қайтару үшін бәрін жасайды.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты