Қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті

0
57

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасына облыс әкімдігінен миллион теңгеден бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыш Роман Костыговтың отбасына барып, көңіл айтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Маңғыстауда 30153 әскери бөлімінде әскери міндетін атқара жүріп қаза тапқандардың отбасына Маңғыстау облысы әкімдігі атынан 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті. Егемендікті мәңгі баянды ету жолында шейіт болған жауынгерлердің туған-туыстарына Маңғыстау облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімдігінің атынан қайғырып көңіл айтамын», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудан Шымкентке аттанған Қорғаныс министрлігіне қарасты МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Шейіт болғандардың 12-сі Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінде қызмет кеткен.



sputniknews.kz