Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ұсталды

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Атамбаевтың резиденциясына арнайы жасақ келіп, атыс басталған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның Кой-Таш ауылында милиция қызметкерлері бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты ұстады, деп хабарлады РИА Новости оның жақтастарына сілтеме жасап.

Бұған дейін экс-президенттің кеңесшісі Кундуз Жолдубаева хабарлағандай, Атамбаевтың резиденциясына арнайы жасақ келіп, атыс басталған.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, арнайы жасақ экс-президенттің жақтастарына қарсы арнайы құралдарды пайдаланды. Он шақты адамға резеңке оқ тиіп, жарақат алған.

Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.

Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

Тағы оқыңыз: Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді

Бұдан соң саясаткердің үйінің маңында жақтастары жинала бастады. ІІМ тергеу тобы Атамбаевты үш рет жауап алуға шақырды. Алайда ол барған жоқ. Жогорку Кенеш шешімін заңсыз деп санайтынын алға тартқан. Атамбаев Коституциялық палатаға талап жолдады.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі тиіс екенін мәлімдеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз