Қырғызстанға жерленген қазақстандық олигархтың жаназасына барған Бейбіт Атамқұлов сынның астында қалды

0
691

3 ақпан күні Қазақстандық олигарх Алижан Ибрагимов Бельгияда қайтыс болды.

«Ол Бельгияда қайтыс болды, бірақ ол өзінің туған жері Токмокта жерленеді. Ибрагимовтың Қазақстанда ауырып қалғаны белгілі. Жағдайы нашарлаған кезде ол Бельгияға емделуге кетті, кейін ол қайтыс болды », – делінген хабарламада.

Жерлеу рәсіміне саясаткерлерден басқа қазақстандық олигарх Александр Машкевич және басқа да кәсіпкерлер келді дейді СЕЙЧАС KG телеграм каналы.

«Жұмыс орнында отыруы тиіс Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанға арнайы барып марқұм болған миллиардер Алижан Ибрагимовтың намазына қатысты» дейді журналист Ербол Мәндібек.

«Назарбаевтың, Тоқаевтың, Нығматулиннің атынан көңіл айту хатын оқыды. Кеше түнде қазақ-қырғыз шекарасы айқара ашылып, Қазақстандық нөмірлі 200 джип кедергісіз өтті деген ақпарат тараған еді.

Қырғыздағы ісшараға Түймебаев жалғыз өзі баратын еді, бұл жолы Атамқұловты арнайы жіберудің сыры неде? Негізі мемлекеттің күретамырына жауапты министр жұмыс орнында болуы тиіс емес пе? Ресми іссапар болса түсінікті. Жаназа жағалайтын уақыт емес. Қарапайым халықты ешқайда шықпаңдар деп екі аяғын бір етікке тығып отыр онсыз да. Жаназа,той-томалаққа жіберетін Түймебаев секілді шабармандар толып жатыр ғой биліктің төңірегінде.

Арқалықтың алюминиін сатып долларовый миллиардер атанған Алиджонның жаназасына именно Атамқұловты аттандырудың сыры не? Менің білетінім, Бейбіт Атамқұлов та долларовый миллиардерлердің бірі. Алижан марқұммен достығы да бар. Токмакка халықтан тығылып бармай, «досымымыз қайтыс болды, Ақорда мен Кітапхананың тапсырмасы бойынша барып көңіл айттым»,- десе ешкім тонын шешіп алмайды ғой. Осылардың жасырын жүрісі әбден әдет болып қалған-ау.

Алиджан Ибрагимов Өзбекстанда туылып, Қырғыздың Токмагында өскен. Бүгін сол туған Токмакка мұсылманша жерленді» дейді журналист.