Қырғызстандықтар мешітте тұрған полицейге үй салып берді

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Үй төрт бөлмелі, оның біреуі полицейдің жұмыс кабинеті болады

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Қырғызстанның Қадамжай ауданындағы Мыңшынар ауылында учаскелік полицейге төрт бөлмелі үй салынды.


©
Sputnik / Зульфия Тургунова

Полицей отбасымен бірге төрт бөлмелі үйде қоныс тойын тойлады

Полицей Чырмаша Усен уулу отбасымен қоныс тойын тойлады. Ауылда полиция бекеті болмағандықтан, бала-шағасымен бірге мешітте тұрған. Кейде ауылдастарының үйінде қонды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұл мәселені шешу үшін ауыл әкімдігі 1 миллион сом (5 жарым млн теңгеден астам), ал  аудандық ішкі істер басқармасы – 200 мың сом (1 млн теңгеден астам) бөлген. Демеушілердің қаражатын қосқанда 1,5 миллион сомға жеткен.


©
Sputnik / Зульфия Тургунова

Үй құрылысына 1 жарым миллион сом қаражат жұмсалған

Полиция бекеті мен баспананың құрылысы наурыз айының соңында басталған. Үш жарым сотық жерде төрт бөлмелі үй салынды. Оның біреуі полицейдің жеке кабинеті болады.

Шымкенттік полицейдің келіншегі күйеуінің мәселесін министр арқылы шешті



sputniknews.kz