Қырғызстандық шенеунік ата-анасының үйін балабақшаға айналдырды
Оның айтуынша, бұл үй Кочкор аудан орталығында орналасқан. Мұндай шешім отбасы кеңесінде қабылданған. Өйткені қыстақта жалғыз ғана балабақша болған. «Аймақтарды дамыту жылы аясында шағын үлесімізді қосқымыз келді», — деді Жекшенқұлов.
«Қазір оны мемлекет меншігіне алу жұмыстары жүріп жатыр», — деді ол.
Бұның алдында депутат Камшыбек Жолдошбаев та мемлекетке осындай сыйлық жасаған. Қараша айында ол Нарын облысына қарасты Қайыңды-Бұлақ ауылындағы үйін мектеп ретінде пайдалануға берген.