Қырғызстандық экс-депутат Дамирбек Асылбек уулуна қатысты сот үкімі шықты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбек уулу мен тағы 11 сотталушыға қатысты үкім шықты

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. ҚР Қылмыстық кодексінің 264-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Жогорку Кенештің экс-депутаты Дамирбек Асылбек уулу 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтейді.

Туыстары судьяны жағадан алмақ болды

Судья үкімді аяғына дейін оқып үлгермеді. Сотталушылардың туыстары айғай-шу шығарып, орындарынан тұрып, судьяны жағадан алмақ болды. Ал сотталушылар бір-біріне жұдырық ала жүгірді. Судья бәрінің залды босатуын сұрады.  


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Судья үкімді аяғына дейін оқып үлгермеді. Сотталушылардың туыстары сот залында төбелесті

Бұрынғы депутатқа қандай айып тағылды?

Бұл іс бойынша сот процесі 2018 жылдың 19 қазанында басталды. Сот алдында Дамирбек Асылбек уулумен бірге тағы 11 адам жауап берді. Оларға экономикалық контрабанда жасап, трансұлттық қылмыстық топ ұйымдастырды деген айып тағылды. Олар Қытайдан Қазақстан мен Ресейге тауарды заңсыз өткізумен айналысқан.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда депутаттан бөлек, тағы үш қырғызстандық ұсталды

Жүктің жалпы кедендік құны 407 миллион 558 мың теңге (Ұлттық банк бағамы бойынша 1,1 миллион доллардан астам). ЕЭО бюджетіне 99 миллион теңге (261 мың доллар) көлеміндегі кедендік баж салығы мен міндетті төлемдер түспеген. Бұл аса ірі көлемдегі шығын деп танылды.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Сот алдында Дамирбек Асылбек уулу және тағы 11 адам жауап берді

Тергеу мәліметі бойынша, қылмыстық топтың басшысы Есбол Джапбасов болуы мүмкін. Прокурор оны 15 жылға бас бостандығына айырып, мүлкін тәркілеуді ұсынды.

Еске сала кетсек, жарыссөздер кезінде прокурор Дамирбек Асылбек уулун экономикалық контрабандамен айналысқаны үшін айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді ұсынған болатын. Жазасын өтеген соң елден шығаруға өтініш жасады.

Экс-депутаттың адвокаты Асқар Баймұратов Асылбек уулуна қатысты айыпты «қолдан жасалған» деп отыр.



sputniknews.kz