Қырғызстанда жоғалған қазақстандық турист қыздың денесі табылды

0
527

Қырғызстандағы Алакөл жайлауындағы Қаракөл өзенінен бүгін, 15 шілде күні, жоғалып кеткен қазақстандық турист қыздың денесі табылды, деп хабарлайды «Кактус медиа».

Оқиға орнына 6 құтқарушы және полиция қызметкерлері барып, денені судан алып шыққан және оның жоғалып кеткендіктен іздеуде болған 1992 жылғы Қазақстан азаматы екенін анықтаған.

Фото: kabar.kg

Еске сала кетейік, 15 шілде күні Қазақстан және Ресейден барған 5 турист Ақ-Суу ауданындағы Алакөл жайлауында демалып жатқан, бәрі бір отбасының мүшелері болған. Ата-аналары РФ азаматы, ал олардың қызы ҚР азаматы болған.