Қырғызстанда жаңа президент тағайындау ұсынылды: Садыр Жапаров кім?

0

Митинг Ала-Тоо алаңында жалғасуда. Жиналғандар алдында экс-депутат Садыр Жапаров сөз сөйледі.

Садыр Жапаров елдің болашағын қалай көретінін, атап айтқанда парламенттің бір палаталы болатынын айтты.

Трибунадан сөйлегеннен кейін Садыр Жапаровты президент етіп тағайындау туралы ұсыныс жасалды.

Бүгінгі тәртіпсіздіктер нәтижесінде наразылық білдірушілер «Ақ үйді» және ҰҚК-ны басып алуға, сондай-ақ экс-президент Алмазбек Атамбаев пен экс-депутат Садыр Жапаровты абақтыдан босатты.

Сондай-ақ, наразылық білдірушілердің бір бөлігі бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковты босату үшін Молдовановка ауылындағы No27 колонияға барғаны хабарланды.

Садыр Жапаров 1968 жылы 6 желтоқсанда Ыстықкөл облысының Кең-Суу ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Қырғыз-Ресей Славян университетін бітірген.

Садыр Жапаров 2017 жылы 25 наурызда қырғыз-қазақ шекарасында ұсталды. Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша іс қозғалды. 2 тамызда Бішкектің Первомай аудандық соты парламенттің бұрынғы депутатын кепілге алғаны үшін қатаң режимдегі колонияда 11 жыл 6 айға соттады.