Қырғызстанда Ыстықкөл облысында уран өндіруге қарсы қол жинай бастады

0

Қырғызстанда белсенділер Ыстықкөл облысы, Тоң ауданында уран өндіруге қарсы қол жинай бастады. 22 сәуір таңертеңгі сағат 9-ға дейін петицияға 7,8 мыңнан астам адам қол қойған. Петицияны ұйымдастырушылар кемінде он мың қол жинаймыз деп үміттенеді.

Петиция авторларының айтуынша, уран өндіруді көздеп отырған аудан туристік аймаққа жатады. Уран өндіру аймақтағы экологиялық жағдайды нашарлатып, туризм саласын тұралатып жіберуі мүмкін. Ең бастысы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді белсенділер.

Тоң ауданындағы Кызыл-Омпол кенішінде «ЮрАзия» компаниясы уран өндіруді жоспарлап отыр. Компанияның 60 пайыз акциясы – ресейлік кәсіпкерлерге тиесілі, 40 пайызы – қырғызстандықтардың қолында.

Экологияға алаңдап отырған жергілікті тұрғындар 20 сәуірде кеніш маңында митинг өткізді. Жексенбі, 21 сәуірде Бішкекте белсенділер кеніштің игерілуіне қарсы шеру жасады.

Уран кенішіндегі геологиялық барлау жұмыстарын зерттеу бойынша үкімет комиссиясы құрылған. Оның құрамында министрлер, ведомство басшылары, әкімдер, өзге де шенеуніктер бар. Комиссияны өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын игеру бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Эмиль Осмонбетов басқарады.

Бұл комитет дерегінше, компанияға уран өндіру бойынша лицензия 2010 жылы қараша айында берілген, 2020 жылдың желтоқсан айына дейін жарамды.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз