Қырғызстанда уран өндіруге наразылар Бішкекте митингіге шықты

0

Бүгін, 26 сәуірде Қырғызстан астанасында уран өндіруге наразылар митинг өткізіп жатыр. Акция қатысушылары «ЮрАзия» компаниясына Ыстықкөл облысында уран өндіруге берілген лицензияны қайтарып алуды, ел бойынша уран өндіруге мораторий жариялауды талап етіп жатыр.

Бұған қоса митингіге шыққандар Кызыл-Омпол кен орнында уран өндіруге рұқсат берген азаматтарды жауапқа тартуды талап етті.

Қырғызстан үкіметі Ыстықкөл іргесінде уран өндіру мәселесі жайлы әлі толымды ақпарат берген жоқ. Қырғызстан бірінші вице-премьер-министрі Кубатбек Боронов геологиялық барлау мен өндіруге берілген рұқсат қайтарып алынғанын айтқан. Бірақ үкіметтің баспасөз қызметі ведомствоаралық комиссия экологиялық, техникалық сараптамаларды ескеріп, бұл жағдайды әлі талқылап жатқанын хабарлады.

«Юр-Азия» компаниясының басшысы Светлана Менг ахуал туралы Азаттық сұрағына «Қазір әлдебір пікір айту мүмкін болмай қалған жағдай орнады» деп жауап берді.

Azattyq