Қырғызстанда туған әкесі зорлап, жүкті қылған жасөспірім қыз босанды
Қысқа сілтеме алу
Жас ана сәбиінен бас тартты, қазір нәресте перзентхананың жансақтау бөлімінде
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Ош қаласындағы перзентханалардың бірінде туған әкесінен жүкті болған 15 жастағы қыз босанды. Бұл туралы «Ак журок» дағдарыс орталығының басшысы Дарика Асылбекова хабарлады, деп жазады centralasian.org.
«Мерзімінен бұрын толғағы басталып, шұғыл операция жасауға тура келді. Жас босанған қыз баласынан бас тартты, перзентханаға тастап кетпек. Туыстары да бұл шешімін құптап отыр. Қыз бала кәмелеттік жасқа толмаған, оны дағдарыс орталығына алып кетеміз», — деді Асылбекова.
Перзентхана дәрігерлерінің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Кейін оңалту орталығына жіберіледі.
Жасөспірімнің анасы 2013 жылы сырқатынан қайтыс болыпты. Ол бауырларымен бірге әкесінің қолында тұрады, мектепке бармайды екен.
2019 жылдың 20 қаңтарында әкесі қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Қырғызстан милициясының мәліметінше, ер адам психикалық дертке шалдыққан. Қазір бұл істі Үзген аудандық соты қарап жатыр.
sputniknews.kz