Қырғызстанда Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі өтті

0

Садыр Жапаров ресми түрде Қырғызстан президенті болды, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа сайланған Президент Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі Қырғыз ұлттық филармониясында өтті.

ОСК төрағасы Нұржан Шилдабекова кезектен тыс президенттік сайлауда Садыр Жапаровтың жеңіске жеткендігі туралы қаулыны оқыды. Сайланған президент қырғыз халқына адал болуға ант берді.

Жапаров мемлекет басшысы ретінде Құдайдың және халықтың алдында әділ басқаратынына, адам құқығын қорғайтынына және Конституция нормаларын сақтайтынына назар аударды. 

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Садыр Жапаровқа президент куәлігі мен эталон сыйлады. Залда Қырғыз Республикасының Мемлекеттік Гимні ойналды.