Қырғызстанда «қыз алып қашып, оны өлтірген» жігіт сотталды

0

Бішкек қаласының Свердловск аудандық соты 11 желтоқсанда Марс Бодошевті Бурулай Турдаалықызын алып қашып, оны милиция бөлімінде өлтірді деп айыптап, 20 жылға соттады.

Судья Марс Бодошевтің кінәлі екендігі толық дәлелденгенін айтып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесті. Бодошевтің серігі Акмат Сейитов 7 жылға сотталды.

10 желтоқсанда өткен соттың жарыссөз кезеңінде прокурор соттан басты айыпталушы Марс Бодошевті «үйлену үшін қыз алып қашу», «кісі өлтіру» баптарында қаралған қылмысты жасады деп тануын сұраған.

Биыл 27 мамырда Шу облысының Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінде 20 жастағы студент Бурулай Турдаалықызы қаза тапқан. Тергеу оны Марс Бодошев өлтірген деп тұжырым жасаған. Жігіт қызға үйленбек болып, оны алып қашқан. Милиция өлімінде қызды пышақтап, өзін де жарақаттаған. Сотта Бодошов қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған.

Бұл оқиға қоғамды резонанс тудырып, президент Сооронбай Жээнбеков үкіметке істің әділ тергелуін тапсырған.

Дереккөз: Азаттық