Қырғызстанда қазақстандық спортшының видеосы көпшілікті тәнті етті

0

Қырғызстанда қазақстандық спортшының видеосы көпшілікті тәнті етті, — деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан.

Моңғолияда күрестен Азия чемпионаты өтті. Қырғызстандық Айсулуу Тыныбекова финал кезінде қарсыласынан жеңіліп, аяғынан жарақат алған. Сондықтан ол марапаттауға шыға алмаған.

Кадрда қазақстандық спортшы зардап шеккен Айсулууға қонақүйге жетуге көмектескені көрінеді.

Желі қолданушылары видеоға оң пікірлер жазған. Олар спорт адамдарды біріктіріп, халықтар арасындағы достықты нығайтатынын атап өткен.